13 Ақпан 2018, 14:40 698 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Елорданы газбен қамту үшін Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз алынады

seebiz.net
seebiz.net

Елорданы және басқа да өңірлерді газбен қамту үшін еліміз Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз алмақ.

"Астананы, сондай-ақ бірқатар өңірді газбен қамту үшін "ҚазТрансГаз" компаниясы "Сарыарқа" магистралды газ құбырының құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Сараптаманың оң қорытындысы бар. Қазіргі таңда жобаны Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз тарту арқылы қаржыландыру мәселесі бойынша белсенді келіссөздер жүріп жатыр", — дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, "Сарыарқа" газ құбыры жобасын қаржыландыру схемасын, шарттарын анықтау үшін ұлттық эокномика, қаржы министрліктері, Астана әкімдігі, "Самұрық-Қазына" қоры мен "ҚазМұнайГаз" өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда.

Бұған дейін жоспар бойынша газ құбыры Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана, Көкшетау және Петропавл қалалары арқылы өтетіні хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар