Жөндеу жұмыстарынан соң Қағбаны 107 мың адам айнала алады

Жөндеу жұмыстарынан соң Қағбаны 107 мың адам айнала алады

Жөндеу жұмыстарынан соң Қағбаны 107 мың адам айнала алады
ашық дереккөзі

Мұсылмандардың қасиетті мекені – Мекке қаласындағы Харам мешітінде кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аяқталған соң Алла үйіне 1,85 миллион адам сияды деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ел королі Салман мешітке келіп, құрылыс жобасымен танысу барысында мәлім болды. Мәдениет және ақпарат министрі Адель Ат-Туфайфидің айтуынша, мешіт пен оның ауласын, матаф (Қағбаны айналып, тауап жасау) аймағын кеңейту жұмыстары нәтижесінде құлшылық ордасының жалпы аумағы 1,47 млн шаршы метрге жеткен. Құрылыс жұмыстарының соңғы, яғни үшінші кезеңі аяқталған соң қасиетті Қағбаны бір мезгілде 107 000 адам айнала алады. Бұл құрылыс жұмыстары Қағба тарихындағы ең ауқымды жоба болмақ. Құрылыс барысында сервистік станция мен экологиялық тұрғыдан таза саналатын ауа желдеткіштері, су жүйелері, 12 500 дәретхана мен қоқыс өңдеу қызметтері де қоса жөндеуден өткізілмек. Араб тілінен тура аударғанда «қадір мен құмет қоршаған қасиетті жер» дегенді білдіретін Қағба – мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі ғимарат. Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-бәй-түл-һарам" (қасиетті мешітте орналасқан төртбұрышты үй) деп те аталады. Діни аңызға сүйенсек, Алла Тағаланың уахиімен (тек пайғамбарларға келетін Алла Тағаланың аяндары) Ибраһим (ғ. с.) Пайғамбарға ұлы Исмаилмен бірге Зәмзәмнің жанынан Қағбаны көтеру бұйырылған екен. Қағба бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған және әр бұрышының өз атауы бар: «йемен» (оңтүстік), «ирак» (солтүстік), «левант» (батыс) және «қара тас» (шығыс). Қағба іргетасы мәрмәрдан қаланған, ал негізі меккелік граниттен тұрғызылған. Ғимарат үнемі кисуах деп аталатын арнайы жібек матамен жабылып тұрады. Жамылғыны жылына бер рет ислам күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының (қажылық айы) 9/10 күні ауыстырады.