Өзбекстан мен Тәжікстан визалық шектеулерді алып тастайды

Өзбекстан мен Тәжікстан визалық шектеулерді алып тастайды

Өзбекстан мен Тәжікстан визалық шектеулерді алып тастайды
ашық дереккөзі

Өзбекстан мен Тәжікстан визалық шектеулерді алып тастайды. «Бірер күн бұрын Өзбекстан үкімет басшысы Тәжікстанға сапарлап барды. Онда бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Бұл келісімдерге Шавкат Мирзияев Тәжікстанға барған кезде қол қояды», - деп хабарлады Өзбекстанның мемлекеттік турзим агенттігінің төрағасы Азиз Абдухакимов. Оның сөздерінше, бұл екі ел халқының мүмкіндіктеріне арналған маңызды қадам болмақ. «Екі ел арасында визалық шектеулерді алып тастау, екі ел халқының қарым-қатынасының дамуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге медицина, туризмді дамыту көзделіп отыр. Тәжік халқы Самарқанд, Бұқара, Хиваға жиі келетін болады. Тәжікстаннан жылына 150–200 мың адам келеді деп күтеміз», - дейді ол. Мирзияев көктемнің басында Тәжікстанға ресми сапармен барады. Шавкат Мирзияев Ташкент облысында халық депутаттарымен кездесу барысында Өзбекстан және Тәжікстан жылы көршілік қарым-қатынасты қалпына келтіреміз деген. «Біз темір жол, энергетика саласында бірқатар келісімдерге қол қоямыз», –деп атап өткен. 2016 жылдың қараша айында екі ел арасында әуе байланысы қалпына келді. Қазір Самарқанд, Бұқара мен Душанбе арасында әуе байланысын кеңейту қарастырылып жатыр.