Brent мұнайының бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан асты
ашық дереккөзі
Лондон мен ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 1,2 пайызға өсіп, барреліне 70,05 доллар болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Соңғы рет мұнайдың осы сұрпының барреліне 70 доллардан жоғары баға 2014 жылдың 4 желтоқсанында тіркелген. Бұған дейін хабарланғандай, WTI маркілі жеңіл мұнайдың 2018 жылғы ақпан айындағы жеткізілімі бойынша фьючерстері құны Лондон мен ICE Futures биржасында 0,7 пайызға артып, барреліне 64,03 долларды құрады. Осы мұнайдың барреліне бағасы 64 доллар межеден асуы 2014 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші рет байқалды.