Жаңа жүйенің игілігі мол

Жаңа жүйенің игілігі мол

Жаңа жүйенің игілігі мол
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының қолдауымен «Астана» мұз сарайында облыстық кардиологиялық орталық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Эльмира Бадретдинованың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты отырыс өтті. Тәжірибелі маман спорт қоғамдастығы өкілдеріне реформаның қаншалықты пайдалы екендігін айтып берді. – Көптеген жыл бойы мемлекет медицина саласын қаржыландыруға қыруар қаражат жұмсап келеді. Бұл қазынаға зор ауыртпалық тудырады. МӘМС енгізілген жағдайда медициналық мекемелер науқастарға сапалы қызмет көрсетіп, осы арқылы өз қаражат қорын толықтыруға ынталы болады деп жоспарлануда. Алғашында сіздер үшін жұмыс беруші төлемақы төлейді. 2020 жылдан сіздердің жалақыларыңыздан 2 пайыз көлеміндегі жарна ұсталатын болады, – деді Э. Бадретдинова. Елімізде медицина саласы жайында теріс пікірлер де айтылуда. Кардиорталық өкілінің сөзіне қарағанда, МӘМС саланың барлық олқылықтарын шешуге бағытталған. – Жүйенің ұраны – «Сау адам науқастың емделуіне жағдай жасайды». Әрине, мұндай пікірмен келіспейтіндер табылады. Алайда науқастанып қалмаймын деп ешкім айта алмайды. Бұл жаңалық медициналық қызметтердің сапасын арттыруға жол ашады. Сіздерге бірінші кезекте, емханаларыңызға келіп тіркелгеніңізді тексеріп, жұмыс берушіңіз өтемақы төлеп жатқанын анықтап алу керек. Осыны туысқандарыңыз бен таныстарыңызға да айтуларыңыз қажет, – деді Э.Бадретдинова. Спорттық қоғамдастық өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап та алды.