Елімізде блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрылды

Елімізде блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрылды

Елімізде блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды Астана арнасы. Арна тілшілерінің хабарлауынша, ұйым блокчейн технологиясын шетелдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, ел экономикасына енгізуді көздейді. Екі ай бұрын құрылған қауымдастық «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе жұмыс істейді. Қауымдастық шетелдің озық тәжірибелерін қолдану арқылы қазақстандық экономикаға сандық валюта жүйесін енгізуді көздейді. Бүгінде заңды тұлғалар бірлестігіне медицина, қаржы, инжиниринг салаларында ойып тұрып орын алған белгілі қазақстандық компаниялар еніп отыр. Кеңеске қосылуға ниет білдірушілерден айына 30-дан астам өтініш түседі. Сондай-ақ, бұл құрылым қысқа мерзім ішінде Астана халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Таяуда оңтүстік кореялық әріптестермен тәжірибе алмасып, келер көктемде жаңа ортақ жобалар қолға алынады. Сонымен қатар,  Қазақстан криптовалюта туралы заңнаманы жетілдіруге кіріспек. Көршілес Ресей аталмыш заң жобасын алдағы маусым айында қабылдайды. Ал Беларусь өзінің атақты технопаркінде криптовалютамен есептесуге рұқсат берген. Және 2023 жылға дейін ешқандай салық салынбайды. «Біріншіден, ол қазақстандық ақшаның шет елге жылыстауына тосқауыл болады. Біздің азаматтардың басым бөлігі басқа нарыққа кетіп жатыр. Ол Ресей, АҚШ, Сингапур сияқты. Адамдар бәрібір сатып алады», –  дейді «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» кеңесінің төрағасы Есет Бутин. Биткойн – онлайн есептесу құралы. Қауымдастық төрағасы салыстырма ретінде, адамдар бұрын аң терісі немесе алтынмен есептессе, қазір заман талабына сай, онлайн ақша пайда болғанын түсіндірді. Бағасы өте құбылмалы, мәселен, 2017 жылы бір биткойн 1000 доллар болса, желтоқсанда 20 мың долларға дейін өсіп кетті. Бүгінде құны 15 мың долларды құрайды. Қауымдастық мүшелері бұл салаға табыстың 10 пайыздайын салып, қатысуға болады деген пікірде.