"СК-Фармацияның" экс-басшысы 15 қаңтарға дейін қамауда болады

"СК-Фармацияның" экс-басшысы 15 қаңтарға дейін қамауда болады

"СК-Фармацияның" экс-басшысы 15 қаңтарға дейін қамауда болады
ашық дереккөзі
«СК-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Максим Касаткин 15 қаңтарға дейін қамауда болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Қалалық соттың хабарламасынла Астананың Алматы аудандық №2 соты Максим Касаткинді қамауда ұстау мерзімін 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін созды деп көрсетілген. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 15 қазанында «СК-Фармация» басшысы тұтқындалып, компаниядан 1,8 миллиард теңгенің қолды болғаны хабарланған еді. «2015-2017 жылдары «СК-Фармация» ЖШС және «КазСибФармация» ЖШС-ның басшылары 1,8 миллиард теңгені жымқырған. Осыған байланысты Касаткин мен «КазСибФармацея» ЖШС-ның басшысы А.О.Ахметовке қатысты тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр деп хабарланған еді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация комитетінің төрағасының міндетін атқарушы  Лариса Пактың үй қамауындағы мерзімі де бір айға ұзартылды. Ол 2018 жылдың 3 ақпанына дейін үйқамақта отырады. Айта кетейік, Лариса Пак және оның жанындағы тұлғаларға заңсыз сертификат таратты, 10 - 12 мың доллар аралығында пара алды деген айып тағылған болатын. Өткен жылдың 30 қарашасында Лариса Пакқа қатысты қамауға алу туралы шара үйқамаққа ауыстырылып, кейін оның мерзімі 4 қаңтарға дейін ұзартылған.