«Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті

«Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті

«Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық сенімхат» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шара барысында Алатау аудандық сотының судьясы Ж.М.Абдрахманова «Сот кабинеті» қызметі шеңберінде, сенімхат сенім білдірушінің электорондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат нысанында сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленгенін және іске қосылғанын, мұндай жағдайда нотариустың қызметіне жүгіну қажеттілігі болмайтынын нақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, аталған сенімхат бір іске қатысты берілетіндігін, сенімхаттың күші іс бойынша сот актісі заңды күшіне еніп, сот актісі орындауға берілгенше ғана шектелетіндігін түсіндіріп өтті.  width= Сондай-ақ, судья Ж.М.Абдрахманова «Электрондық сенімхат» қызметінде «Сенім қолданылуын тоқтату» функционалы қарастырылғанын, яғни сенім білдірген тұлға істі қарап жатқан судьяға автоматты түрде электрондық сенімхаттың күшін жою немесе қайтарып алу туралы хабарлай алатынын, сенімхатты рәсімдеу кезінде нотариустың қатыспауына байланысты судьяларға ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі порталын қолданатынын қосымша айтып өтті. Іс-шара соңында қатысушылыр өзара пікір алмасып, аталған электрондық қызмет жайында туындаған сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, "сот кабинетінің" электонды қызметі 2014 жылдан бастап іске қосылып, 2016 жылы жетілдірілген түрі таныстырылды. Оның арқасында, талап-арыздарды, өтініштерді үйден шықпай-ақ жазуға және т.б. қызмет түрлерін пайдалануға болады. Ең бастысы - сот жүйесінің ашықтығын, жеделдігін қамтамасыз етеді.