Көршілердің құтын қашырған

Батыстың ақпарат құралдары «Үшінші дүниежүзілік соғыс» деп байбалам салғалы біраз болды. Расында, Солтүстік Кореядан төнген қауіп қаншалықты зор? Жақында ғана бұл ел АҚШ-тың «қара тізіміне» қайта енгізілді. Бірақ халықаралық қауымдастық тарапынан салынған санкциялар да, дипломатиялық шектеулер де Пхеньянды райынан қайтаруға дәрменсіз. Керісінше, Пхеньян осы күндері ядролық держава болғанын ашық жариялап, өзінің «АҚШ-ты саяси және әскери теке-тіресте жеңгені» жайлы мәлімдеме таратты.

Корей Халық Демократиялық республикасы Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореямен шекаралас жатыр. Аумағы бар-жоғы 120 мың шаршы шақырым, яғни АҚШ-тың бір ғана Миссисипи штатынан да шағын. Бірақ өзінен сексен есе үлкен алпауыт елдің құтын қашыруға қауқары бар.

Ақ үйдің сыртқы саясаты шарасыз күйге түсірген бір ел болса, осы Солтүстік Корея шығар. Себебі оны қанша сыртқа теуіп, халықаралық байланыстарды үзіп, оқшау тастағанымен, Пхеньянды Жер шарынан басқа ғаламшарға көшіре алмайды. Бұл ел ешкімге, ештеңеге мойымастан өз дегенімен өмір сүріп жатыр. Өзін мойындату үшін өзгелермен санасуды тіпті қажет деп санамайды. Керісінше, өзіндік саясат ұстанғанды тәуір көреді. Ендеше, әлемдік қауымдастықтың қаупі дәйекті ме? Әлде «қорыққанға қос көрінеді» дегеннің кері ме? Пхеньянды жау санау коммунистік идеологияны құбыжық көретін капиталистік елдердің қанына сіңген мінезден бе? Әлбетте, біз «Hwasong15» деп аталатын баллистикалық зымыранды 53 минуттың ішінде 4475 шақырым биіктікке ұшырып, Жапонияның зәресін алған, Қытайдың тынышын қашырған, АҚШ-ты ашуландырған Пхеньянды әсте ақтамаймыз. Бірақ ядролық сынақтар жасады деп айыптап отырғандар кімдер? АҚШ әлемдегі ең ірі атом қаруының иесі емес пе? Ал Қытайдың Қазақстанның іргесінде сынақ жасап, құдайы көршісінің ұйқысын қашырғанын ұмытамыз ба? Сонда «күштінің арты диірмен тартады» дегендей, күштіде ғана қару болсын, басқалар күш көрсетуге дәрменсіз болсын деген пиғыл ма? Осы орайда, Иранды атомдық қару жасауға ұмтылып жатыр деп еш дәйексіз айыптап, экономикалық санкциялармен титықтатқан америкалық саясаттың жазалаушы сипатын есте ұстау керек.

Қарашаның 29 күні сынақтан өткізілген зымыран бұған дейінгі қарулардың ішіндегі ең алысқа ұшатыны, яғни ең қауіптісі. Халық­аралық қауымдастықтан сүйінші сұрағандай, Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы зымыранның ұшқан сәтін, оның ұшу бағдарын бейнелеген бейне және фото деректерді әлем назарына ұсынды. Пхеньянның бұл жаңалықты сүйіншілеуінен бұрын АҚШ пен Жапония қорғаныс саласының мамандары әжептәуір мазасыздыққа ұшырады. Себебі бұл континентаралық зымыранның енді АҚШ аумағына жетуге қауқары бар екені мәлім болды. Яғни, Пхеньян америкалықтардың басына қара бұлт үйіруге шамасы жететінін әйгіледі. Бұл оқиға америкалықтардың арасында елегізу туғызды. Себебі кәріс зымыраны Америка жеріне бағытталуы және жетуі ықтимал деген қауіп өмір шындығына айналғанына көз жетіп отыр.

Әйтсе де, әзірге Пхеньян оны іске асыруға дайын емес. Сол себепті зымыранды АҚШ-қа қарай емес, Жапониямен шектес маңайдағы теңізге тастаған. Ал Мәскеуді араға салуы әлі де дипломатиялық жолмен бітімге келуге бейіл екенін көрсетеді.

Зымыран сынағынан кейін Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Солтүстік Кореяға экономикалық құрсауды күшейту туралы сөйлесті. Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осы екі аралықта Пхеньян Ақ үймен тікелей тілдескісі келетінін мәлімдеді. Яғни, Ресей екі мемлекет арасында араағайын болуға дайын екенін ашық айтты. Шамасы, Солтүстік Кореяның АҚШ-қа қоятын өз шарттары бар, бұл шарттар негізінен Пхеньянның қауіпсіздігіне кепіл сұрауға қатысты. Лавровтың мәлімдемесінің астарына үңілсек, Мәскеу Ақ үйдің аптығын басудың тағы бір тетігін тапқан сияқты. Яғни, Таяу Шығыстағы саяси ахуалды Ресейсіз реттеу мүмкін емес дегенді мойындауға мәжбүр еткендей, енді Кәріс түбегіндегі жағдайды ушықтырмай, тұтанған шаланы сөндіруде белсенді ойыншының бірі болуға асық.

Оның үстіне, Сергей Лавров «Біз Солтүстік Кореяға немесе кез келген мемлекетке қарсы жаппай эмбарго жариялауға қарсымыз» деп ашып айтты. Яғни, Мәскеу Пхеньянға барынша қолдау білдіретін сияқты. Оның үстіне, бұған дейін 2015 жылды Ресей «Солтүстік Кореямен достық жылы» деп жариялаған еді. Бұл орайда Ресей КСРО-ның заңды мұрагері ретінде коммунистік жүйеге бүйрегі бұратын себебі де бар.

Бұл аралықта Жапония қорғаныс министрі Кәріс түбегіне шабуыл жасайтын зымыранды сынақтан өткізуге әзір екенін мәлімдеді. Жапония премьер-министрі Синдзо Абе Солтүстік Кореядан төнген қауіпті «Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бергі ең зор қатер» деп атады. Ал жапондықтар үшін бұл соғыс қандай трагедиямен аяқталғаны баршаға мәлім. Сондықтан Жапонияның берік қорғаныс жағдайына түсу себебі түсінікті әрі Абенің берген уәдесінде тұратыны да анық.

Ал Британ сыртқы істер министрі Борис Джонсон бұл істе қару қолданудың ықтималдығы жоғары екенін жасырмайды. «Меніңше, ешкім бұл мәселенің әскери шешімі бар деп ойламайды, бірақ ондай мүмкіндіктің бар екенін тағы жоққа шығара алмаймыз» деді ол барынша сыпайылап.

Сонымен, АҚШ, Қытай мен Жапония Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуін аймақтық, бәлкім, әлемдік деңгейдегі қауіпке балап отыр. Дональд Трамп Солтүстік Кореяны «терроризмге демеушілік жасайтын мемлекет» деп атады. Бұл Ким Чен Ынның жеке басына немесе қазіргі билік жүйесіне емес, тұтас мемлекетке, оның халқына, жасы мен кәрісіне, кешегісі мен бүгініге қарата айтылған өте ауыр айып. Бақсаңыз, қазір хан талапайға түскен Сирияның өзі мұндай айыпты естіп көрмеген. Ол елде ең әуелі Башар Асадтың басы дауда. Ол «қатал диктатор, халқын қанаушы авторитарлы билік иесі» т.б. аталса да, ол басқарып отырған мемлекет «терроризмді жақтаушы не демеуші» атанған емес. Бірақ бір ғана адамның атына айтылған айыптың салдарын қараңыз. Алты жылдан бері азаматтық соғыс өртіне оранғаны аздай, халықаралық қауымдастық терроризммен күресті желеу етіп, бұл мемлекетті алма-кезек оқ астына алды, оңай жемтік – полигон аймағына айналдырды. Мемлекет тозып, халқы босып кетті. Мұнда да басты айыптаушы АҚШ екені рас, бірақ Ақ үйдің Сирияға ұстанған саясатын Солтүстік Кореяға қолдана алмай діңкесі құрып отыр. Пхеньянға қарсы қолданылған бар амал – әзірше сөзбен айыптау және халықаралық санкциялар жариялау. Бірақ мұндай шаралар Ким Чен Ын мырзаға шыбын шаққан құрлы әсер ететін түрі көрінбейді. Сонда әлсіздің белін одан сайын бүгетін, тек өзіне күші тең қарсыласты сыйлайтын психология саясаттан да тыс емес деген сөз ғой.

Тақырыпқа тұздық ретінде әлемнің түкпір-түкпірінде Солтүстік Корея жайлы не ойлап, не деп жатқанына шолу жасағанды жөн көрдік. Бұл жолы тек батыстық емес, азиялық мемлекеттердегі ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды оқырман назарына ұсынамыз. Бұл материалдардың түпнұсқасы ағылшын тілінде екенін және оларды ғаламтордағы ресми сайттарынан табуға болатынын ескертеміз.

Global Times (Қытай):

ЕНДІ БӘРІ АҚШ ПЕН

ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Бұл – АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяны «терроризмді қаржыландырушы мемлекет» деп айдар тағуына берген батыл жауабы. Бірақ зымыранның тікелей Гуамға немесе Гавай аралдарына бағытталмауы, керісінше, Жапония аралдарына жақын жерге түсуі Солтүстік Кореяның халықаралық қауымдастықтың ашуына тимеуге барынша тырысқанын көрсетеді. Ал АҚШ өз тарапынан мәселені қару-жарақпен шешу ықтималдығын мәлімдесе де, ол соғыс тудыруға бейіл емес. Сондықтан АҚШ үкіметі Солтүстік Кореяға әскери интервенция жасау туралы шешім шығарған жоқ. Америкалық Конгрестің Зерттеу қызметі қараша айында жариялаған баяндамада Оңтүстік Кореядан америкалық әскердің шығарылуы мүмкін екені айтылған. Баяндама авторларының пайымдауынша, бірнеше айдан соң Солтүстік Корея АҚШ аумағына шабуыл жасауға қабілетті қаруға ие болады, ал бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея мен Жапония баллистикалық зымырандарын ядролық оқтұмсықтармен жабдықтай бастайды. Мұндай жағдайда АҚШ-тың бұл екі мемлекеттегі базаларына қауіп төнеді.

The Daily Star (Ливия):

ТРАМП САЯСАТЫНЫҢ ЖЕҢІЛІСІ

Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қатысты түйткіл алдыңғы президенттерден «мұраға» қалған деп қанша шағымданса да, өз мойнындағы жауапкершіліктен құтыла алмайды. Ол Солтүстік Кореяға қатысты стратегия ұстанбақ түгілі оны лайықты түрде сөзбен сипаттай алмады. Өз президенттігінің бір жылында оның бар жетістігі Солтүстік Кореяға қосымша санкциялар жариялау ғана. Ал оның бұл елді терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізіміне қайта қосуы бар болғаны символикалық әрекет, 2008 жылы Джродж Буш Пхеньянды бұл тізімнен алып тастағанының да ешқандай әсері болмаған. Қазір бұл тізімде төрт мемлекет бар: Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия. Бұл тізімге енгізу деген АҚШ тарапынан бұл мемлекеттерге ешқандай әскери көмек көрсетілмейді деген сөз, бірақ оның Солтүстік Кореяға қажеті де жоқ. Сондай-ақ, терроризммен байланысы бар деп айыпталған мемлекеттер халықаралық қауымдастық тарапынан ешқандай қаржылық қолдау ала алмайды, бірақ Солтүстік Корея онсыз да ешқандай халықаралық қаржылық ұйымға мүше емес.

Расында, Трамптың Солтүстік Кореяны бұл тізміге қайта қосуы бар болғаны бюрократиялық әрекет қана. Ал бұл тізімнен шығарып тастау үшін бұл елде соңғы алты айда терроризм әрекеті болмады немесе ешқандай терористік ұйымдармен байланыс жасамады деген дерек жеткілікті. Жалпы, Солтүстік Корея мәселесін шешу үшін Трамп қолға алған мұндай іс-әрекеттерден әлдеқайда жоғары деңгейдегі ерік-жігер мен тәртіп қажет. Тиімді саясат түзу үшін Қытаймен тізе қосып қимылдау керек, бірақ Қытайдың басшыларын асыра мақтаудан да сақ болған жөн. Бұған қоса, Қытаймен ғана емес, сол маңайдағы барлық аймақтық басшылармен қоян-қолтық әрекет ету керек.

The China Post (Қытай):

СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ

БАЙЛАНЫСТАРЫ

Солтүстік Кореяның 164 мемлекетпен ресми дипломатиялық қарым-қатынасы бар. 47 мемлекетте осы елдің елшілігі бар, ал Пхеньянның өзінде 24 мемлекеттің елшіліктері жұмыс істейді. Бұл елде елшіліктері жоқ мемлекеттер Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастарын көршілес Оңтүстік Корея немесе Қытайдағы өздерінің елшіліктері арқылы жүргізеді. Бұл елмен ресми дипломатиялық байланысы бар мемлекеттер: Германия, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан. Сол­түстік Кореямен ресми дипломатиялық қатынасы жоқ мемлекеттер: АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония.

Express Online (Ұлыбритания):

ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ІШІНДЕ

СОҒЫС БОЛУЫ МҮМКІН

Солтүстік Корея АҚШ, Ресей мен Қытайды қамтитын «ғаламдық қақтығыс» тудыруы ықтимал. Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі өсе түсті. Express.co.uk сайтына берген сұхбатында Солтүстік Корея сарапшысы Гордон Чейндж Пхеньянның «ғаламдық қақтығыс» өртін тұтандыруға қауқары бар деген пікір айтады. Ол «Солтүстік Корея алдағы тоғыз ай ішінде өте қауіпті, оған алғышарт болатын екі нәрсе бар. Біріншісі, президент Трамптың бұл елге қарсы ұстанған қаржылық шектеу саясатының әсері күшті болады. Қазірдің өзінде Солтүстік Кореяда ақша тапшылығы бар. Бірақ соған қарамастан, бұл ел өзінің әскери қуатын арттыруды жалғастыра береді. Солтүстік Корея Америкаға ұшып жететін қырып-жойғыш қару жасауға барынша басымдық беріп отыр, ендеше, осы екі мәселені бірге қарастырсақ, онда 2018 жылдың қандай ауыр жыл болатынын елестетуі қиын емес» деген.

The New York Times (АҚШ):

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ

ЖЕТІ ШЫНДЫҚ

Шындық №1. Бәрі бітті. Солтүстік Корея ендігі ядролық мемлекет.

Шындық №2. Солтүстік Кореяның енді Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларын шабуылдауға қауқары бар.

Шындық №3. Солтүстік Корея басшысы Ким мырза қанша экцентрик көрінсе де, ол қарадүрсін шешім қабылдауға бейім емес. Яғни, Солтүстік Корея соғыс бастауға дәті бармайды. Ал АҚШ ядролық мемлекеттердің ішіндегі ең күштісі. Ол осы уақытқа дейін Ресей және Қытайдан төнген ядролық қауіпке қалай қарсы тұрса, енді Солтүстік Кореяны солай ауыздықтай алады.

Шындық №4. Қытай Солтүстік Кореяға қатысты түйткілді шешуге қанша тырысса да, оның қолынан келмеуі мүмкін. Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары көбіне Пекинді мұқату мақсатында жасалғандай көрінеді. Оған жауап ретінде Қытай өз тарапынан санкциялар жариялаған болатын. Сондықтан америкалықтар Қытай Солтүстік Кореяның қолтығына су бүркіп отыр деп қанша айыптағанымен, шындығында, бәрі керісінше.

Шындық №5. Солтүстік Корея өзінің ұзақ мерзімді экономикалық құрсауға шыдас беретінін дәлелдеді. Тоқсаныншы жылдардың ішіндегі экономикалық және азық-түлік санкцияларының кесірінен халқының оннан бірі аштан қырылса да, бұл мемлекет алған бетінен қайтқан жоқ.

Шындық №6. Солтүстік Корея соғысқысы келмейді, бірақ әлі де қорқады. Көптеген сарапшылар Солтүстік Корея ядролық қаруды халықаралық қауымдастыққа өзін мойындату үшін ғана ұстап тұрмақ десе, басқалар Солтүстік Корея өзінің оңтүстік көршісінің АҚШ-пен байланысын үзіп, онымен қайта бірігуді көздейді деп санайды.

Шындық №7. Қауіп бар, бірақ қантөгістің болмауы да ықтимал.

 

 

Редакция таңдауы

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...
aza

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен...
pr

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп...
80 1598888918 0 307 2718 1836 1920x0 80 0 0 e6ff88dbec3bf71638e58109060b6033

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет...

Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...