Француздарды тәнті қылған театр

Сондай-ақ!

Facebook АҚШ президентінің аккаунтын Байденге тапсыратынын мәлімдеді

Facebook компаниясы Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамптың пікіріне қарамастан АҚШ президентінің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарын ұлықтау рәсімі өтетін күні Джо Байденге тапсырады,...

Мемлекет бойынша ішімдікке тыйым салу қарастырылып жатыр

Индонезия билігі ел аумағында ішімдік өндіруге, тұтынуға, тасымалдауға, сатуға сақтауға тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Jakarta Post басылымы жазған. Баспасөздің мәліметінше,...

Президент туған күніне қандай сыйлық алғысы келетінін айтты

Бүгін Венесуэла президенті Николас Мадуро 58 жасқа толған туған күнін атап өтуде. Ол құттықтауларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.  Мадураның айтуынша, ел тұрғындарының 6 желтоқсанда өтетін...

Ресей өз вакцинасын АҚШ-тан анағұрлым арзан бағаға сатпақ

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы америкалық аналогтары — Pfizer және Moderna компаниялары әзірлеген екпелерден анағұрлым арзан болады. Бұл туралы ресейлік препаратқа арналған Twitter-аккаунтта хабарланды.  Хабарламада жоғары...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы желтоқсан айының 3-жұлдызында Еуропа мемлекеттерінің астаналарында өткізілетін үлкен гастрольдік турненің шымылдығын ашты. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін Париж қаласындағы «Le Trianon» театрының сахнасында еуропалық көрермен назарына ұсынды.

Қойылымның қоюшы-режиссері және жоба авторы – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Сонымен қатар, қойылым барысында «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Аталмыш мюзиклге Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев арнайы келіп тамашалап, жас театрдың өнеріне жоғары бағасын берді.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» туындысы – қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Трагедия кейіпкерлері – Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульетта сияқты қазақ халқы үшін махаббаттың символы. Оқиғалар негізінен жас батыр Төлеген, Қыз Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ. Ел бірлігі мен тұтастық идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын қойылымда ұлттың өмірімен тығыз байланысты дәстүрлер де, бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. жақсы көрініс тапқан. Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Дала театрының негізінде сахналанған «Ұлы дала театры» этнофольклорлық мюзиклінен көрермен қазақ халқының ұлттық танымымен етене танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар суырыпсалмалық қабілетін дәріптейтін қазақтың ұлттық өнері ақындар айтысы орын алған.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттайтын мюзикл көпшіліктің көңілінен шығып, театр мамандары мен өнерсүйер көрерменнің жоғары бағасына ие болды. «Қазақ халқының өте бай ұлттық мәдениетіне куә болып, қазақ еліне сапар шегіп қайтқандай әсер еттік. Әртүрлі аспаптарда орындалған әсерлі әуендер мен табиғи дауыста шырқалған әндер жүрек тебірентті», ‒ дейді Сорбон университетінің профессоры, белгілі театртанушы Мари Кристин Сирижол. Ал режиссер, театр сыншысы Давид Чхавлис: «Басты кейіпкерлерді сомдаған артистердің кәсіби актерлік шеберліктері мен вокалдық мүмкіндіктері тәнті етті. Осындай керемет мюзиклді сахналаған режиссерге шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз», ‒ деп ағынан жарылды. «Мен «Астана Мюзикл» театрының болашағы зор деп ойлаймын. Себебі оларда үлкен потенциал бар. Әртүрлі бағытта өнер көрсететін мүмкіндігі мол екенін аңғардық. Бұл спектакль Астана театрларының деңгейін, әсіресе жас ұжымның қарым қабілетінің өскендігін көрсетеді», ‒ деп театртанушы Лаша Чхартишвили де жоғары бағасын берді.

Айлар бойы үлкен дайындық пен толассыз еңбекті талап еткен қойылым Франция халқының зор қошеметіне ие болды. Гастрольдік турне әрі қарай Канн қаласының «Theatre Croisette» театрында жалғасын табады.

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды...

Дәрігерлер ер адамның мұрнында 50 жыл тұрған тиынды алып тастады

Мәскеулік дәрігерлер пациенттің мұрын қуысында 50 жыл бойы тұрған тиынды алып тастады....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...