Қазақстанда Қырғызстан туралы деректі фильм түсірді

Қазақстанда Бакиевтің қатысуымен Қырғызстан туралы деректі фильм түсірген. Қазақстанның «Хабар» ұлттық телевизиялық агенттігі Қырғызстан туралы деректі фильм түсірді. Сұхбат берушілер арасында 2010 жылы сәуірде Минск қаласына қашқан бұрынғы қырғыз президенті Құрманбек Бакиев бар.

Фильм аңдатпасы Интернетте 27 қарашада көрсетілді. Онда 2010 жылғы оқиға туралы сөз болған. Бұрынғы президент сол оқиғаны еске алған. Фильмде «Ақ үй» маңында атылған оқ пен жараланған азаматтарды көрсеткен. Аңдатпадағы қысқаша үзіндіде Құрманбек Бакиев: «Менің ойымша… Уақыты келгенде мен отаныма оралатыныма сенемін, сенемін. Оралам», – дейді.

2010 жылы 7 сәуірдегі халық толқуларынан соң Құрманбек Бакиев отбасымен елден қашты. Сәуір оқиғасына байланысты оны сырттай өмірлік түрме жазасына кесті. Қазір ол Беларусьте тұрып жатыр.

Соңғы бір жарым айда Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас суып, екі ел арасындағы шекарадан өту қиындап кетті.

«Хабар» агенттігін мемлекет басқарады. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның жалғыз акционері – Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі.

Back to top button