Президент келер жылдың басында іссапармен АҚШ-қа барады

Президент Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Back to top button