__Редакция таңдауыЖаңалықтарЖаһан

Нұрсұлтан Назарбаев – Түркі әлеміндегі ең ықпалды тұлға

Түркиялықтардың пікірі бойынша, Түркі әлеміндегі ең ықпалды тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы әлеуметтанушы Ботагөз Рақышева айтты. 

«Анкара тұрғындарының нәтижесі таң қалдырды – олар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі әлеміндегі ең ықпалды тұлға деп санайды. Жалпы барлық алты мемлекеттің тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевты саяси қайраткер деп таныған.«Түркі әлеміндегі ең ықпалды тұлға кім?» деген сұрақ қойылды. Оған жауап беру аясында 60-қа жуық тұлғаның аты аталды. Нұрсұлтан Назарбаев, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Шыңғыс Айтматов, Режеп Тайып Ердоған, Гейдар Әлиев, Сапармұрат Ниязовтардың есімі жиі айтылды», – деп түсіндірді әлеуметтанушы Ботагөз Рақышева.

Сонымен бірге, сарапшы Түркия азаматтарының Әзербайжанның саяси және қоғам қайраткерлерін көбірек білетінін атап өтті. Өзбекстанда қазақстандық және қырғызстандық көшбасшылар және өнер, ғылым саласында түркиялық тұлғалар жиі аталған. Қырғызстандықтар Қазақстан тұлғалары арасынан Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Роза Рымбаеваны білетіндерін жеткізген.

Зерттеу барысында алты мемлекет астанасының әрқайсысынан 500 респондент таңдалып алынған және олар 50-ден астам сұраққа жауап берген.

«Түркі барометрі» өзінің сипаты жағынан Еуропа одағының «Еуропа барометрі» зерттеу бағдарламасы мен әлемнің өзге де аймақтарында жүргізілетін («Афробарометр», «Латынбарометр» т.б.) зерттеулеріне ұқсас.

Бұдан былай, «Түрік барометрі» тәуелсіз түркі мемлекеттерінде алты ай сайын жүргізілетін болады.

Back to top button