Мақсат – кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту

Мақсат – кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту

Мақсат – кәсіпкерлік  көкжиегін кеңейту
ашық дереккөзі
409
Қазақстанның экспорттық потенциалын қалай дамытуға болады? Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қандай кедергілер бар? Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалар қай деңгейде іске асырылуда? Осы және басқа да мәселелер «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен кәсіпкерлікті қолдауға арналған өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды. ‒ Ағымдағы жылдың 10 айында кәсіпкерлік мектебінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқа мерзімді курстарын 1986 азамат оқыды, 5 319 қызмет көрсетілді. Оның ішіндегі қамтылған тақырыптар: «Кәсіпкерлік психологиясы және тайм-менеджмент», «Бизнес жоспардың әдістемесі», «Маркетинг және  сату», «ҚР салық жүйесі мен түрлері», «Бизнестің заңдық аспектілері» және «Электрондық үкімет пен мемлекеттік сатып алулар»,  салалық шеберлік класс бойынша 1 644 кәсіпкер, тақырыптық тренингтер бойынша 1689 ШОБ кәсіпкерлері оқудан өтті, ‒ деп «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің бас директоры Ғани Өмірзақов мәлімет берді. Елбасы Жолдауының «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» атты  екінші басымдығын жүзеге асыру барысын талқылауға арналған мәжіліске төрағалық еткен қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішов елімізде  көптеген мемлекеттік бағдарламалар, заңдар бизнесті қолдауға, оны ары қарай дамытуға, түбегейлі өзгертуге бағытталып отырғанына баса назар аударды. ‒ Сол бағдарламалардың бірі ‒ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Бағдарлама нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы халыққа өз табыстарын арттыруға, лайықты өмір сүруге мүмкіндік береді. Ал біз осы бағдарламалардың сапалы және нәтижелі орындалуын қадағалауды мақсат етеміз, ‒  деді ол. Еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің тізіміне кіру кезеңінде өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығы туралы сөз сөйлеген «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы  ЖШС директоры Қуаныш Байтөре өңірдің, әсіресе, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономикалық артықшылықтары туралы сөз қозғады. ‒ Бүгінде халықтың шамамен 50-60 пайызы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Біздің міндетіміз ‒ жаңа инжинирингтік технологияларды, әсіресе, аймақта өндірілетін өнімдерді сатып алу негізінде қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін максималды инвестициялық қолдау көрсету, ‒ деп сөзін түйіндеді. Отырыс барысында кәсіпкерлікті дамыту оның ішінде жастарды кәсіпкерлікке тарту, жаңадан ісін ашуда кездесетін кедергілерді жою, кәсіпті бастауда тиісті мемлекеттік мекемелерден, жергілікті кәсіпкерлік мектептерінен консультациялық көмектерді қалай алу керектігі, несие алу шарттарымен тетіктері туралы және тағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңеске жолданады.

Серіктес жаңалықтары