Алматыдағы түнгі операция кезінде мұздай қаруланған екі адам ұсталды

Алматыдағы түнгі операция кезінде мұздай қаруланған екі адам ұсталды

Алматыдағы түнгі операция кезінде мұздай қаруланған екі адам ұсталды
ашық дереккөзі
234
Кеше Алматыда жүргізілген түнгі арнайы операция кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының қаруланған екі тұрғыны ұсталды. Бұл турады Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.  Жексенбі 12 қарашада сағат 23.00 кезінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылы туған екі тұрғынын ұстады.

"Көліктің ішін тінту кезінде жарықтық-дыбыстық автомат, калибрі 7,62 мм оқ-дәрі, аңшы пышағы, бронежилет табылған", — делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер бұдан бұрын қару-жарақ сақтау, есірткі қылмысы және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу нәтижесінде қару-жарақ сақтау және тасымалдау мақсаты анықталып, ұсталғандардың Алматы және басқа да өңірлердегі қылмыстарға қатысы бары тексеріледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, полиция Республика алаңы, президент резиденциясы мен қала әкімдігіне жақын жерде екі ер адамды ұстады. Жол талғамайтын қара Toyota Land Cruiser 100 Фурманов көшесінде Сәтпаев көшесімен қиылыстан оңтүстікке қарай жүз метрдей жерде тұрған. Жол талғамайтын көліктің екі дөңгелегі жарылған, бүйір және алдыңғы терезелері сынған. Көлік жанында қару болған, Калашников автоматына ұқсайды (шын қару ма, жоқ па, әлі белгісіз) және гранатаға ұқсас зат жатыпты. Ұсталған екі азаматтың бет-ауызы қан болған. Естеріңізге сала кетсек, Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Алматыда атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.  

Серіктес жаңалықтары