617
"Нұр Әлем" Болашақ музейінен" не көруге болады?
"Нұр Әлем" Болашақ музейінен" не көруге болады?
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Астанада "Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін" өткізу аумағындағы сферада орналасқан "Нұр Әлем" Болашақ музейі" туристік аймағын аралап көрді. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.
Аралау барысында Бақытжан Сағынтаев "Экспо-2017" нысандарының көрмеден кейін пайдаланылуымен танысты. "Болашақ музейі" қабаттарында цифрлық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқылы энергияның негізгі түрлері — ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиясы көрсетілген.
"Экспо-2017" нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасына сәйкес "Нұр Әлем" павильоны, тақырыптық павильондар және үздік практикалар аймағы музей кешендері ретінде жұмыс жасайды. Конгресс орталық, энергия холы, арт орталық және коммерциялық павильондар көрме холдары, концерт залдары ретінде өзінің мақсатты тағайындамасын сақтап қалады.
Айта кетейік, "Экспо-2017", Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) мойындалған халықаралық мамандандырылған көрме, Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін өткізілді. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы". Көрмеде 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өз павильондарын таныстырды. "Экспо-2017" өткен үш айда елордаға 5,4 млн адам келді. Көрменің өзін 3,977 млн адам аралап көрді.
"Экспо-2017" орталық нысаны — "Нұр Әлем" — диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр тұтас қалыпты сфера болып табылатын әлемдегі жалғыз ғимарат.