200
Алматылық полицейлер жаңа көліктерге мінді
Алматылық полицейлер жаңа көліктерге мінді
Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің автопаркі жаңа техникалармен толықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала бюджеті есебінен коммуналдық қызмет және Ішкі істер департаментіне сатып алынған жаңа техникаларды қарап шықты. ІІД-нің бастығы Серік Күдебаев көшелерге патруль жасау үшін отандық әрі газбен жүретін 200-ден астам жеңіл автокөлік бірлігі алынғандығын жеткізді.
Бұлардан өзге жеке құрамды тасымалдайтын екі автобус пен бірнеше микроавтобус, екі өрт автоцистернасы және 34 эвакуатор сатып алынған. Оның үстіне, 147 автомашина видеотіркегіштермен жабдықталған. Айта кетерлігі, Алматыда өткен жылмен салыстырғанда биыл құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға қаржы 2 есе көп жұмсалған.
Егер 2016 жылы 706 миллион теңгеге 118 жаңа қызметтік көлік алынса, биыл қала бюджеті есебінен 3,5 млрд теңгеге түрлі модельдегі 280 көлік алынған.