Интернет саудагерлерге салықтық жеңілдік бар ма?

Интернет саудагерлерге салықтық жеңілдік бар ма?

Интернет саудагерлерге салықтық жеңілдік бар ма?
ашық дереккөзі
422
Интернетте сауда-саттық жүргізетін адамдар табыс салығынан босатылады. Бұл туралы Сенатта жаңа Салық кодексін таныстыру барысында Ұлттық экономика бiрінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келесі бір түзету электрондық саудаға қатысты болып отыр. Бүгінде негізінен жеке адамдардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саудасы желіге, интернетке, WhatsApp, Instagram-ға көшіп жатыр. Осы орайда, біз электрондық саудаға серпін беруге тырыстық, яғни тек электрондық саудамен ғана айналысатындарды корпоративті табыс салығанын, жеке табыс салығынан босату ескерілген. Бұл түзетуді енгіздік. Ол бес жыл бойы жұмыс істейді және электрондық сауданы жандандырып, оны заңды жұмысын қамтамасыз етеді», - деді Руслан Дәленов. Оның сөзіне қарағанда, Кодекс жобасында идеологияны өзгерту, ынталандыруды енгізу мен кемшілендіруді жеңілдету көзделді. Идеология адал салық төлеушілерді қорғауға бағытталатын болады. Экономиканың әртүрлі салалары ынталандырумен қамтылып, әкімшілендіру жеңілдетіледі және салықты өз бетінше төлеуге ынталандырмақ. Р. Дәленовтың сөзіне қарағанда, шағын және орта бизнес, аграрлық сектор үшін де салықтық ынталандыру шаралары ұсынылып отыр.

Серіктес жаңалықтары