"Нұр әлем" келушілерді қайта қуантпақ

"Нұр әлем" келушілерді қайта қуантпақ

"Нұр әлем" келушілерді қайта қуантпақ
ашық дереккөзі
11 қараша күні «Нұр әлем» ұлттық павильоны қалың жұртшылыққа есігін айқара ашады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы «Астана «ЕХРО 2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Арнаның хабарлауынша, тоғыз қабатты «Нұр әлем» кешені келушілерге толықтай қызмет көрсетеді. Ал тақырыптық павильондар енді Энергия музейіне айналады.  Қазір «Нұр әлемде» соңғы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Көрме кезінде бұл павильонның алдында ұзын сонар кезек болғаны белгілі. Сондықтан, біраз жұрт «Нұр әлемді» тамашалай алмаған болатын. Енді тағы бір мүмкіндік туып отыр. Мұндағы экспозициялар жайлы мамандар тіс жарып ештеңе айтпайды. Себебі ресми ашылу салтанатына дейін көпшілікті ынтықтырып, барлық жаңалықты құпия ұстап отыр. ЕХРО мамандарының айтуынша, қайта түлейтін «Нұр әлем» келушілерді бей-жай қалдырмайды. Халықаралық мамандандырылған көрменің жабылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр әлем» мен тақырыптық павильондар энергия музейі ретінде жұмысын жалғастыратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, көрме аумағының жартысы «Астана» халықаралық қаржы орталығына берілетіні де белгілі. Халықаралық жасыл технологиялар орталығы мен технопарк те осы аумақта қоныс тебеді.