Жемқорлыққа ең бейім сала анықталды

Жемқорлыққа ең бейім сала анықталды

Жемқорлыққа ең бейім сала анықталды
ашық дереккөзі
239
Жемқорлық ең бейім сала - мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы. Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістегі үкімет сағатында мәлімдеді.

"Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, жемқорлыққа ең бейім сала – мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы, ол жерде сұранымдарды жаппай қабылдамау себептері жобалық-сметалық іс-қағаздармен байланысты", — деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, конкурстық іс-қағаз шектен тыс құжаттар санын талап етіп, ескірген әдістемені пайдаланады. Жемқорлыққа әкеліп соқпас үшін, министрлік құрылыс саласындағы сатып алулар бойынша жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету жұмысын атқаруда, деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.
"Мемлекет басшысының 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауын орындау мақсатында шығарылған заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді. Жуық арада оны сіздердің қарауларыңызға ұсынуды жоспарлап отырмыз", — деп түсіндірді Сұлтанов. Дәлірек айтқанда, материалдық және еңбек ресурстары бойынша талаптар жойылатын болады, өйткені оны құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия растайды. "Біздің пайымдауымызша, көрсетілген түзетулерді қабылдаған жағдайда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде тапсырыс берушілер мен мемлекеттік аудит органдары тарапынан жемқорлық қаупі төмендейді", — деді министр.  

Серіктес жаңалықтары