236
Бір аптада 100 тоннадан астам қырғыз тауары кері қайтарылған
Бір аптада 100 тоннадан астам қырғыз тауары кері қайтарылған
21-28 қазан аралығында Қазақстан қырғыз тауарларына қатысты 16 заң бұзушылықты анықтаған. Бір апта ішінде Қырғызстанға 100 тоннадан астам өнімі қайтып келген. Бұл жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
3 жағдай бойынша өнімдер фитосанитарлы сертификатсыз әкелінген. Үш рет зияңкестер анықталған оқиға тіркелген, 10 оқиға бойынша қаптамада арнайы маркалау (таңбалау) болмаған.
3 қарашада Қордай ауданында фитосанитарлы бақылау кезінде Қырғызстаннан келген 20 тонна құрмадан зияңкестер табылған. Тауар кері қайтарылған.
Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекараны күшейтті. Бұл ұзын-сонар кезектің туындауына себепкер болды. Астанамен келіссөз кезінде жолаушы көлігінің өтуін жеңілдету жөнінде келісімге қол жеткізді.
Шекара бақылауын күшейту себебін Астана Қырғызстаннан келетін контрабандамен күресу деп түсіндіреді. Бішкек болса, қазақ тарабы "кедергіні қолдан жасап отыр" деп санайды.