200
Тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарған даяшының ісі көпшілікті сүйсінтті
Тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарған даяшының ісі көпшілікті сүйсінтті
Алматыда суши-бар қызметкері тауып алған 5 млн теңгесін иесіне қайтарып берген. Бұл туралы ҚазАқпаратқа дәмхана әкімшісі Әділет Әбілов айтып берген.
Әділет Әбілов айтуынша, бұл оқиға 1 қарашада болған. «Дәмханаға екі ер адам келіп тамақтанды. Біраз уақыттан соң олар шығып кетті. Сол жерді тазалауға барған Бақыт есімді қызметкер борсетка тауып алған. Ішіндегі қомақты соманы көрген соң Бақыт ақшаны қайтарып беруді ойлайды. Сөмкеден телефонға ақша салған чекті тауып алып, телефон нөміріне звондап шақырған. 40 минуттан соң Темірлан есімді жігіт келді. Ол Бақыттың іс-әрекетіне риза болып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы қалдырды», - деді Әділет Әбілов.Дәмхана әкімшісінің айтуынша, Бақыт өзгенің ала жібін аттамайтын өте адал жан екен.