Түркі халықтарын біріктіретін қадам

Түркі халықтарын біріктіретін қадам

Түркі халықтарын біріктіретін қадам
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» қаулысына орай дөңгелек үстел өтті. «Индер» бастауыш партия ұйымы өткізген шарада «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев латын әліпбиіне көшудегі нағыз жауапты сәт енді басталып, оған жауапкершілікпен қарайтын кезең туғанын айтты. – Әліпби ауыстыру – жай ғана таңба ауыстыру емес. Бұл – жаңаша өмір сүруге, ұлттық болмысқа әсер ететін маңызды қадам. Ұлттық жазуымызды өз еркімізге сай, бүгінгі графикалық қажеттіліктерді ескере отырып, өзге елдерге үлгі боларлықтай жасақтап алу мүмкіндігі туып тұр. Латын әліпбиіне көшу – түркі халықтарын біріктіріп, ортақ ғылыми әрі ақпараттық кеңістікке бастайды, – деген Ө.Оразғалиев тарихымызда жаңа парақ ашылғалы тұрғанын айтты. Жиында сөз алған «Индер» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Бақберген Сахиповтың айтуынша, еліміз өркениеті дамыған отыз елдің қатарынан көрінуі үшін де заман талабына сай ілгері қадам басу қажет. Бұл тұрғыда еліміздің өз әліпбиінің болуы – оң өзгерістерге әкеледі. Қатысушылар латын әліпбиіне көшу – түркітілдес елдерді жақындастыратын маңызды шешім екенін тілге тиек етті.