Көмекке мұқтаж отбасыларға қамқорлық

Көмекке мұқтаж отбасыларға қамқорлық

Көмекке мұқтаж  отбасыларға қамқорлық
ашық дереккөзі
672
«Нұр Отан» партиясының Ойыл аудандық филиалы көпбалалы отбасының тыныс-тіршілігімен танысты. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға көмек көрсетілді.  Бала үшін қатарынан қалмай жүру, білім алу – маңызды. Отбасының әлеумет­тік жағдайы оқушы психологиясына кері әсерін тигізбеуі үшін, Ойыл аудан­­дық мәслихатындағы «Нұр Отан» пар­­­тиясы депутаттық фракциясының­ мүшелері көмекке мұқтаж отбасы балаларын өз бақылауына алды. Депутаттар алдымен 3 баланы патронат­тық тәрбиеге алып отырған Ержан Өтегеновтің үйіне барды. «Жолдасым Гүлдана екеуміз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Апам мезгілсіз дүниеден өткен соң, оның үш баласын, жиендерімізді бауырымызға бастық. Олардың барлығы мектепте оқиды. Әжесі Жаңагүл балаларға бас-көз болып отыр. Өзімнің тұрақты жұмысым жоқ. Құрылыста жұмыс істеп, нәпақа табамын», – деді Ержан Өтегенов. Анасынан айырылған балаларға қамқор болып отырған отбасы үйге газ кіргізу жұмыстарымен жүр. Күз келіп, қыс жақындаған кезде құжаттарды рәсімдеу жұмысы ұзаққа созылып кетті. Алдағы уақытта депутаттар Өтегеновтерге көмек беріп, үй жылыту мәселесін уақытылы шешпек. Сонымен қатар оқушылардың керек-жарағы да жеткізіліп берілмекші. Ойыл ауданындағы Халидуллиндер отбасы да 6 бала тәрбиелеп отыр. Бұл үйдің кішкентайы ауырып, ем іздеп жүр. Аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев диагностика және емдеу шарасын қолға алып, сәбидің дертіне дауа іздеуде. Депутаттар Бисұлтановтар отбасына да кірді. Қысқа қажетті отын жеткізуге партия мүшелері көмек беретін болды. – Аз қамтылған және көпбалалы 3 отбасына азық-түлік апарып бердік. Олардың өтініш-тілектерін тыңдап, оны шешу жолдарын қарастырамыз. Көмекке мұқтаж отбасылар үнемі партиялықтардың қамқорлығында болады, – деді партияның Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин.

Серіктес жаңалықтары