Латынға көшу – жаңа технологияны тез игеру жолы

Латынға көшу – жаңа технологияны тез игеру жолы

Латынға көшу – жаңа технологияны тез игеру жолы
ашық дереккөзі
268
Оңтүстік Қазақстан облысында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында талқылау өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының талдау мамандары, облыстың зиялы қауым өкілдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының «Әлеуметтік-саяси зерттеулер» бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина латын әліпбиіне көшудің жолдары және әлемдік деңгейдегі латын әліпбиінің маңыздылығын нақты ғылыми айғақтармен айтып өтті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне өткен мемлекеттердің тәжірибелерін көрсетіп, оған өту жалпы орта есеппен 12-15 жыл уақыт талап ететіндігін және латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің үндестік заңдылықтарын сақтау қажеттігіне тоқталды. Ал халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екендігін айтып, ұсынылған 25 әріпті ешқандай өзгерістерге ұшыратпай, сол қалпында қалдыруды қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың филология факультетінің деканы Болатбек Тілеубердиев латын әліпбиіне көшудің қазіргі жастар үшін жаңа заманауи технологияны игерудің бірден-бір жолы екендігін айтты. Оқу орнының жаратылыстану факультетінің 3-курс студенті Алишер Хамраев латын әліпбиіне көшуді жастар қолдайтындығын және түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығаюына зор мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Серіктес жаңалықтары