Парламентаралық байланыстар күшейтілмек

Парламентаралық байланыстар күшейтілмек

Парламентаралық  байланыстар күшейтілмек
ашық дереккөзі
280
  Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасында ресми сапармен барып қайтты. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің қабылдауында болды және өзбек Парламенті қос палатасының басшыларымен келіссөз жүргізді. Өзбекстан басшысымен кездесу барысында Қ.Тоқаев Орталық Азиядағы  және одан сырт жерлерде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан мен Өзбекстан байланыстарының ерекше рөлін атап өтіп, екі елдің жан-жақты байланыстарының қазіргі даму қарқынына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың таяудағы мемлекеттік сапары аясында құжаттардың ауқымды топтамасына қол қойылды, екіжақты қатынастардың жаңа сапалық деңгейі айқындалды, – деп атап өтті Сенат басшысы. Ол жоғары деңгейдегі кездесулердің екі ел халықтарының ғасырлар бойғы достығы мен ынтымақтастығын нығайта түсетінін айтты. Сенат басшысы көрші елдегі ұлты қазақ азаматтардың рухани мұқтажына лайықты назар аударылып отырғанына ризашылық білдірді. Тек қазақ тілінде білім беретін 164 мектептің болуы – осының нақты көрсеткіші. Қ.Тоқаевтың пікірінше, президенттердің, атап айтқанда, Арал айдынындағы су ресурстарын бірлесіп, тиімді пайдалануға қатысты бастамаларын іске асыру бойынша екі ел парламентшілерінің тізе қоса жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Рухани жаңғыру» және Қазақстанды цифрландыру бағдарламаларын іске асыру барысы туралы Президент Ш.Мирзияевті хабардар етті. Қазақстан Сенатының басшысы Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевпен және Олий Мәжілісі Заңнама палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловпен де кездесті. Парламентаралық үнқатысуды дамыту мен заң шығару жұмыстары саласындағы ынтымақтастық өзбек әріптестермен кездесу тақырыбы болды. Екіжақты негізде де, парламентаралық ұйымдар аясында да байланыстарды үдету туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары