255
Таразда жаңа әліпбиді оқытатын кафедра ашылды
Таразда жаңа әліпбиді оқытатын кафедра ашылды
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде тұңғыш рет қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Мұнда ғалымдар жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында еңбектеніп жатыр. Осы мақсатта түріктің «Қарабюк» университетімен тығыз байланыс орнатылып, латын әліпбиіне көшудің әдістемелік қағидалары әкелінген. Қазір зерттеу жұмыстары басталып кетті. Дегенмен бірінші кезекте тұжырымдама жасап алған жөн деп санайды. «Ол латын қарпіне көшудің темірқазығына айналуы тиіс», – дейді тіл мамандары.
Тұрсынай Әбдіқадырова, ТарМПУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор:
- Біз Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі деген кафедра ашып отырмыз. Осы бағытта біздің ғалымдарымыз жұмыс істеп, оның оқу әдістемелік құралдарын, бағдарламаларын, жалпы бағыт-бағдарын тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, жалпы қоғамдық орындарда осы бағытта қандай іс-шаралар жүргізуіміз керек, алдымызда қандай мақсат-міндеттер бар, осы бағытта жұмыс істеуіміз керек.