361
Мәскеу саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Мәскеу саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
29 қазанда Мәскеуде "Есімдердің қайта оралуы" атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы өтті. Лубяна алаңында таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 10-ға дейін сталиндік террор кезінде қаза тапқандардың есімдері оқылды, деп жазады centralasian.org.
Акцияға мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында қоғам және саясат қайраткерлері, атап айтқанда Ресей адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова, "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, Федерация Кеңесінің мүшесі Владимир Лукин және тележүргізуші, 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысқысы келетін Ксения Собчак бар. Акцияны "Мемориал" адам құқығын қорғау ұйымы өткізді.
"Есімдердің қайта оралуы" акциясы 2007 жылдан бері өтіп келеді. Оған кез келген адам қатыса алады. 30 қазанда Ресей Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.