Ашығу ұзақ өмір сүруге жол ашады

Ашығу ұзақ өмір сүруге жол ашады

Ашығу ұзақ өмір сүруге жол ашады
ашық дереккөзі
309

Бостондағы Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің ғалымдары әлсін-әлсін ашығу жасушалардағы энергетикалық алмасу процесін жақсартатынын анықтады. Ғылыми жұмыстан үзінді EurekAlert порталында жарияланды деп хабарлайды baq.kz.

Ғалымдар ағзадағы зат алмасу процесін зерттей келе, физиологиялық реттеудің маңызды механизмдері мен энергетикалық алмасуға жауап беретін митохондриялық желілер жұмысының бұзылуы қартаюдың басты себептерінің бірі деген қорытындыға келді. Уақыт өте келе желілер жарамсыз күйге түсіп, жасушаны улайтын және зат алмасу процесін бұзатын еркін радикалдар өндіре бастайды. Бұл процесс аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болатын көрінеді. Биологтар тұтынылатын калория санын азайту митохондриялық желілердің белсенділігін арттырып, ұзақ уақыт «жақсы формада» болуға мүмкіндік беретінін анықтады. Осылайша, ашығу жас ерекшелігіндегі өзгерістерді тежеп, өмір сүру ұзақтығын арттырады, деп есептейді ғалымдар.

Серіктес жаңалықтары