Түлектер кеші өтетін кезде алкогольді сусындар сатуға тыйым салынуы мүмкін

Түлектер кеші өтетін кезде алкогольді сусындар сатуға тыйым салынуы мүмкін

Түлектер кеші өтетін кезде алкогольді сусындар сатуға тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
243
Петропавлда алғаш рет СҚО ІІД басшылығының үкіметтік емес және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дөңгелек үстелде» тараптар жергілікті полиция мен әкімшілік қызметтер жұмыстарының қорытындыларын, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын талқылады. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық қызмет және жол қозғалысын жақсартуға қатысты мәселелер қозғалды. Көшіков және Батыр Баян көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату, Петерфельд елді мекеніндегі жарық жүйесін жетілдіру, Пестрый көлінің айналасындағы үйлерге баратын жолдың болмауы сынды түйіткілдер басты назарда болды. «Ауыл» ХДПП СҚО филиалының төрағасы Иван Кендюх полицейлер мен зейнеткерлерді ғылым саласында батылдау қадамдар жасап көруге шақырды.    Экономика ғылымдарының докторының атап өтуінше, заңгерлік мол білімі мен тәжірибесі бар зейнеттегі және қызмет үстіндегі офицерлердің ғылыммен айналысуына үлкен әлеует бар. «ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов мектептерде соңғы қоңырау және түлектер кештері өтетін кезде спиртті ішімдіктердің сатылуына мораторий енгізуді ұсынды», - дейді баспасөз қызметіндегілер. Полиция кеңсесінің басшысы Берік Біләлов айтылған ұсыныстардың барлығын зерделеп, оларды шешу мүмкіндіктерін қарастыруға уәде берді.  

Серіктес жаңалықтары