Еліміздегі ұшақтардың орташа жасы анықталды

Еліміздегі ұшақтардың орташа жасы анықталды

Еліміздегі ұшақтардың орташа жасы анықталды
ашық дереккөзі
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстандағы жолаушыларды тұрақты түрле тасымалдайтын ұшақтардың орташа жасы туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандағы негізгі әуе компаниялардың 56 әуе кемесінің орташа жасы 12,8 жылды көрсеткен. Атап айтқанда, Air Astana әуе компаниясының 31 ұшағының орташа жасы - 8 жыл. СКАТ компаниясының 13 ұшағының орташа жасы 17 жыл екені анықталса, Бек Air сапындағы 9 ұшақтың жасы 20 жыл екені белгілі болып отыр. Qazaq Air-дің 3 ұшағының орташа жасы - 3 жыл. «Айта кетерлігі, шетелдегі авиақұрылымның қазіргі тәжірибесінде ортақ ресурстың шектелуінен тыс «Жағдайы бойынша пайдалану» жолы қабылданған. Қазіргі таңда құраушылар техникалық қызмет көрсетудің осы бағдарламасын жөн көріп отыр. Бұл ұшақтың құрылымдық жай-күйі мен агрегатты ғұмыр бойы бақылайды. Олқылықтар анықталған жағдайда жөндеу жұмыстарының аталған түрлері қолданылады», - делінген Комитеттің ресми сайтында.