252
Астанаға ағылған сансыз турист
Астанаға ағылған сансыз турист
Биыл ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Астана қаласына 4,5 миллион турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,9 миллион адамға көп.
Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі 2020 жылға дейін туристер санын жылына 2 миллионға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. «Туризм саласын дамыту үшін біз Horwath компаниясымен жұмыс істейміз. Туризмге қатысты әзірленген жаңа бағдарламада жылына 2 миллионға дейін турист тартуды көздеп отырмыз, олардың 1 миллионнан астамы шетелдік болмақ. Өткен жылы туристердің жалпы саны 831 мың адамға жетті. Олардың 273 мыңы – шетелдіктер», – деді Малика Бектұрова.
Бүгінде Астана әкімдігі мен Мәдениет министрлігі xалықаралық деңгейдегі 40 шараны қамтитын тізім жасауда. «Онымен бірге мәдени және спорттық нысандар базасында туристерді тарту орталығын дамыту үшін жұмыс істелуде. Сондай-ақ, мұражайларды және ойын-сауық орталықтарды дамыту қолға алынды. 6 мәдени спорттық нысанды іріктеп алдық: Барыс-Арена, Астана-арена, «Алау» мұз айдыны, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Жастар» сарайы, Астаналық цирк. Осы нысандарды сенім басқармасына беру арқылы бюджет қаражатының үнемделуі жылына 11,9 миллион долларды құрайды», – деді Малика Бектұрова.