Жасыл экономиканың көкжиегі

Жасыл экономиканың көкжиегі

Жасыл экономиканың көкжиегі
ашық дереккөзі
352
Шығыс Қазақстан облысында БҰҰ Даму бағдарламасы 8,3 миллион доллар сомасына орман экожүйесі саласындағы жаңа жобаны іске қоспақ. Бұл туралы «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын іске асыруда және «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын институционалдандыруда Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсету» ақпараттық турында белгілі болды. БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде сәтті жүзеге асырылып жатқан жобалар жетерлік. Бұл шара 2010 жылға дейін жүзеге асырылған үлкен Семей бағдарламасынан басталған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында 8 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Ал бұдан кейін БҰҰ Даму бағдарламасының Шығыс Қазақстан облысын қолдау жобасы қолға алынды. 2010-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылған бұл жоба үшін де 8 миллион долларға жуық қаржы жұмсалды. «Бұл – БҰҰ ДБ мен БҰҰ агенттіктерінің және Қазақстан Үкіметінің бірлескен қаржысы. Қауіпті медициналық қалдықтарды азайту жөніндегі қазіргі жоба аясында 700 мың  долларға жуық қаражат бөлінді. Бұл Қазақстан аумағындағы ең инновациялық жоба болып табылады. Мұндай үлгілер одан әрі де әзірленеді  деген сенімдеміз», – дейді БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел. Ал қолға алынғалы отырған орман экожүйелері саласындағы жаңа жобаның құны 8,3 миллион долларға жуық. Бұл Шығыс Қазақстан облысының орман экожүйелерін қолдауға бағытталған қомақты сома. 2020 жылы жаңадан қаражат бөлінеді. «Біз «жасыл» экономиканы тұрақты дамыту бойынша жаһандық ынтымақтастықты іске асыру және анағұрлым жасыл технологияларға көшу мақсатында жаңа ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз», – деп атап өтті Мунхтуя Алтангерел. Еске сала кетейік, Қазақстан – БҰҰ Даму бағдарламасы өңірлік ынтымақтастық жасауда көшбасшылардың бірі. БҰҰ Даму бағдарламасы дағдарыс кезінде елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, қоғамның барлық санаттарына жататын өкілдерімен ынтымақтастық жасайды.

Құжат жинамай алынатын қарыз

«Ranking.kz» порталы ұсынған статистикаға сүйенсек, әрбір үшінші қазақстандықтың банк алдында қарызы бар екен. Соңғы уақытта микроқаржылық ұйымдардан «онлайн» қарыз алушылар көбеюде. «Онлайн» қарыз интернет арқылы рәсімделетіндіктен, тұтынушыға жеке тұлғасын растаудың қажеті шамалы. Жаңа жүйенің банктен басты айырмашылығы – қарыз алу үшін құжат жинап жүрудің қажеті жоқ. Тек куәлігі мен банк картасының нөмірін жазса жеткілікті. Мұндай жеңіл шарттар өзгенің атынан қарыз алу деректерін арттыра түскен. Мұндай тенденция Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде байқалып отыр. Осы саланы дамытуға үкімет тарапынан да қызығушылық байқалады. Қарапайым халық үшін онлайн-қарыздардың қолжетімді болуы салық түсімі арқылы мемлекет бюджетін толтырады. Онлайн-кредит нарығының дамып келе жатқанына қарамастан, жалпы тұтынушылық кредиттегі онлайн-қарыз портфелінің үлесі әлі де 0,3 пайыздан аспады. Осының әсерінен бұл нарық әзірге сырттай бақылауды қажет етпейді. Бүгінде өзін-өзі басқаратын қауымдастық тұтынушылардың құқығын өз мойнына алып отыр. Алдағы уақыттарда реттеудің жаңа моделі ойластырылып, онлайн-кредит сервисінің қызметі заңдастырылады. Биылғы жылы тұрғындардың қаржылық ұйымдарға қарызы 8,4 пайызға өсіп, 2 триллион 65 миллиард теңгені құрады. Қарыз алушылар көп, олардың арасында берешегін қайтара алмай жүргендердің саны да аз емес. Үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айындағы қорытынды бойынша, банкке дер кезінде өтелмеген қарыз көлемі 189,5 миллиард теңгеге жетіпті. Орта есеппен әр қазақстандық банкке 700 мың теңгеден қарыз. Мамандардың сөзінше, қазақстандықтардың үштен бір бөлігі қазір несиеге белшесінен батқан. «Ranking.kz» сайты ұсынған дерекке сүйенсек, ел ішінде  қарызды ең көп алатын өңірлердің көш басында Алматы қаласы тұр. Одан кейінгі орынға Алматы облысы жайғасса, Оңтүстік Қазақстан облысы қарызды көп алатын өңірлердің үштігін түйіндейді.    

Серіктес жаңалықтары