"Зың-зың": Атышулы әннің авторы көз жұмды

"Зың-зың": Атышулы әннің авторы көз жұмды

"Зың-зың": Атышулы әннің авторы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ел арасында кеңінен таралып, дау тудырған “Зың-зың” әуенінің авторы, жас музыкант Болат Нұрымов мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz. 
Қайғылы хабарды елге әнші Серік Ибрагимов жеткізді. “Ассалаумағалейкум, жақындар! Айтайын дегенім, қамшының сабындай өмірде сыйласып өтейікші! Қолымыздан келгенше жақсылық жасайық, келмесе үндемейік! Кешірім сұрайық, кешірейік! Бүгін бармыз, ертең жоқпыз! Шынында да жалған дүние! Біздің сөзіміздің, істеген ісіміздің, жазған жазумыздың қайсысы соңғы екенін Алла ғана біледі! Сондықтан жақсы амал жасап жүрейікші! Жамандық жасаймыз деп, келмейтін сапарға аттанып кетіп, өкініп қалмайықшы! Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!” – деді Серік Ибрагимов.