Ұлан-Батордан – Ұлытауға

Ұлан-Батордан – Ұлытауға

Ұлан-Батордан – Ұлытауға
ашық дереккөзі
318
Таяуда Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) ұйымдастырған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция өз жұмысын бастады. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған бір топ зерттеуші мен журналистер Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласына аттанды. Аталған халықаралық экспедицияның басты мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  айрықша назар аударылған – киелі жерлер мен тарихи сананы жаңғырту. Экспедиция маршруты Моңғолияның Кентай аймағындағы Шыңғыс ханның туған жері Бурхан Халдуннан басталып, Ұлытаудағы Алаша хан, Жошы хан кесенесіне дейін жалғасатын болады. Бұл тарихи орындардың айрықша маңызға ие екені белгілі. Экспедиция мүшелері Кентай аймағына аттанбас бұрын Моңғолия астанасында бірқатар кездесулерге қатысады. Бұл экспедиция TWESCO мен Моңғолия Ұлттық музейі арасында 2016 жылдың тамыз айында бекітілген ынтымақтастық меморандумы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Ол құжат Шығыс Моңғолиядағы Кентай аймағынан табылған көне түркі кешендеріне археологиялық экспедиция жасақтап, бірлескен қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Аталмыш жоба барысында қос елдің тарихына тың деректер мен жәдігерлер қосылады деп үміттенеміз.    

Серіктес жаңалықтары