Еліміздің үш өңірінде қар жауады

Еліміздің үш өңірінде қар жауады

Еліміздің үш өңірінде қар жауады
ашық дереккөзі
23-25 қазан күндері Қазақстанның үш облысында және Астана қаласында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 23 қазан күні күндіз, 24-25 қазан күндері тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 24-25 қазанда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. 23 қазан күні күндіз, 24-25 қазанда тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады. 24 қазан күні күндіз, 25 қазанда тәулік бойы кей жерлерде көктайғақ болып, боран соғады. Ауа температурасы 0-5 градусқа, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз күтіледі. 24 қазан күні күндіз, 25 қазан тәулік бойы Павлодар облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады. Дауылдық ескертудің ықтималдығы 90-95%.