22 Қазан 2017, 18:07 1498 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Путин Назарбаевқа құттықтау жолдады

Ресей басшысы Владимир Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан назарбаевтың атына жеделхат жолдады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастың елеулі мерекесі – 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын ", — делінген Кремльдің сайтында жарияланған бұл хабарламада.

 Ресей Президенті осы ширек ғасыр ішінде екі жақты қарым-қатынаста Ресей мен Қазақстан стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары деңгейде жүргізе білгенін атап өтті.

Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс тіледі.

 

Соңғы жаңалықтар