Елордада құны 1 млн теңге тұратын қоқыс жәшіктері орнатыла бастады

Елордада құны 1 млн теңге тұратын қоқыс жәшіктері орнатыла бастады

Елордада құны 1 млн теңге тұратын қоқыс жәшіктері орнатыла бастады
ашық дереккөзі
292
Астанада қоқыс жәшіктері жер астында орнатыла бастады. Мұндай жаңашылдықты Сарыарқа ауданының басшылығы енгізіп отыр, деп хабарлайды 24.kz Жаңа жәшіктер орынды аз алады. Құрылғылар Финляндия елінде шығарылған. Оның әрқайысысы шамамен 1 млн теңге тұрады. Бірақ әкімдік тарапынан қаржы бөлінген жоқ. Бүкіл шығынды дистрибьютор компания көтерді. Әзірге мұндай жәшіктер тек екі тұрғын үйдің маңында орнатылды. Егер бұл пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, Астананың басқа ғимараттарының жанында да заман талабына сай қоқыс жинайтын қораптар пайда болады. Ришат Тұрдыбеков, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары: - Жер астына қоқыс контейнерлерін орналастырып жатырмыз. Пилоттық жоба бойынша 2 мекенжайға орналастырылды. Ол аз орын алады. 4-5 есе аз. Далада жүрген ит-мысық, жел салдарынан қоқыс ауланы ластамайды. Неше түрлі иістер болмайды.

Серіктес жаңалықтары