Қазақстан халқының саны 18 млн 74 мың адамға жетті

Қазақстан халқының саны 18 млн 74 мың адамға жетті

Қазақстан халқының саны 18 млн 74 мың адамға жетті
ашық дереккөзі
313
Еліміздегі халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті, 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3%-ті құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады. Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған. Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5 сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ке аз. 1 мың адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті 21,45-ті құрайды. Республика халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,3 мың адамға немесе 9,3%-ке қысқарып, 169,4 мың адамды көрсетті. Халық санының табиғи өсу коэффициенті 1 адамға шаққанда 14,11 адам болды. Осы есепті кезеңде 88,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2016 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткіштен 0,8%-ке аз деген сөз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы өлім коэффициенті 7,34-ті құрады. 2017 жылдың қаңтар-тамызында республикада 1 жасқа дейінгі балалардың 2140 өлімі тіркелді, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ке қысқарған.  

Серіктес жаңалықтары