Италиялық жігітке тұрмысқа шығып, қазірде бір ұл тәрбиелеп отырған қазақ қызы қазақтар мен италиялықтардың құдаласуы қалай өткені туралы айтып берді. Бүгінде жеке кәсібі бар келіншек Instagram парақшасында өзінің өмірі туралы жазбалар қалдырып, оқырманмен бөліскен.
NUR.KZ порталы италиялықтарға келін болған қазақ қызының жазбасын назарға ұсынады. "Марионың отбасына келін болып түсіп, жолым болды. Олар біздің салт-дәстүрімізге кұрметпен қарады. Қазақтарда тойдың алдында сырға салу деген дәстүр бар екенін білесіздер. Жігіттің ата-анасы, жалпы құдалар жақ тойға дейін үш ай қалғанда сырға салуға барып, нағыз қазақы дастарханға тап болды. Ет, бауырсақ және өзге де қазақтың ұлттық тағамдарын алдарына қойдық.
Алайда менің өтінішіме қарамастан, әжем қойдың басын құдалардың алдына қоятынын айтты. Ол "құдалардан ұят болады" деген әдетіне басып, қойдың басын атамның алдына әкелді. Қайын атам да саспастан, пышақ алып, оған сұға салды.