«MART» сауда үйінде 3- қабаттан құлаған сәби комаға түсті

«MART» сауда үйінде 3- қабаттан құлаған сәби комаға түсті

«MART» сауда үйінде 3- қабаттан құлаған сәби комаға түсті
ашық дереккөзі
255
Алматыдағы «MART» сауда үйінде жоғарғы қабаттан құлап кеткен 1 жастағы бөбектің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Бақытжан Бейсенбай айтты. «Жағдайы өте ауыр. Бала көп жарақатпен түсті. Ми жарақаты, кеуде қуысының жарақаты, ішкі ағзалар жарақаты бар, аяқтары сынған. Барлық ағзалары зақымданған. Бүлдіршін ауыр жарақаттан кейінгі комаға түсті», - деді Бақытжан Бейсенбай. Оның айтуынша, бүлдіршін қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер әзірге қандай да бір болмасын болжам айтуға ерте деп отыр. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға  «MART» сауда ойын-сауық орталығында  болған еді. Бір жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кеткен болатын. Бұл оқиғаға қатысты полиция кешенді тексеріс жүргізіп жатыр. «Кешенді тексеріс шаралары жүргізіледі. Қазірше, Түрксіб аудандық ІІБ-де қайғылы жағдай ретінде тіркеуге алынды», - деді Салтанат Әзірбек.  

Серіктес жаңалықтары