Кендірліде әуежай салынуы мүмкін

Кендірліде әуежай салынуы мүмкін

Кендірліде әуежай салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
181
Ақтауда 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «South Caspian Operating Company» компаниясының төрағалары Рао Есвара және Бехара Санкар Бхагаватхимен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. «South Operating Company» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында жобалау, құрылыс және өндіру жұмыстарымен айналысады. Тараптар Ақтау және Атырау қалаларында қолданыстағы мұнай-химия зауыттарында қосалқы қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасты. Шетелдік компания Маңғыстау жерінде бірқатар жобаларды жүзеге, атап айтқанда Темір металдан болат арматурасын өндіру үшін тәулігіне 400 тонна қуаттылықты құрайтын болат балқыту зауыты, Темір рудадан жасалған болат бланкілерді өндіру үшін тәулігіне 400-500 тонна қуаты бар металлургиялық  зауыт, Ішкі тұтыну үшін бидайдан күніне 400 метрлік тонна крахмал өндіру зауыты, Тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтыну үшін тәулігіне 500 - 50 000 текше метрді құрайтын тұзсыздандыру қондырғысы және басқа да жобаларды іске асыруға уағдаласты. Сондай-ақ, тараптар  өңірде 100-ден 200 МВт дейін газ электр станциясы мен Автомобиль өнеркәсібі үшін аккумуляторлық зауытын салу, Кендірлі курорттық аймағының жобасын (әуежайдың, тұрғын алабының және туристік аймақтың құрылысы) жүргізу мәселесін де талқылады. «Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге екі жақтың да күш-жігерін салатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.  

Серіктес жаңалықтары