Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?
ашық дереккөзі
223

Қазақ-қырғыз шекарасында адамдарды және автокөліктерді өткізу процесі жеделдеді, деп хабарлады Sputnik Кыргызстан хабарлайды.

Бұған дейін Қырғызстаннан Қазақстан аумағына кіру қиындағаны хабарлаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, шекара бекеттеріндегі кезек тым ұзаққа созылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қазан күні кешке Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы күшейтілген режим шекара операциясымен байланысты екенін хабарлады. Сонымен қатар, Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Ысқақов та Сочиде өтіп жатқан саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаевты шекарадағы ахуал туралы хабардар еткен. “11:00-ден бастап Қазақстан тарапынан тексеру тездетілді. Қазір адамдар шоғыры тек “Ақ-Жолда” ғана байқалады. Қалған бекеттерде тек транспорттар ғана кезекте тұр”, – деп жазады Sputnik Кыргызстан. Әзірге “Ақ-Жол” бақылау-өткізу бекетіндегі адамдар шоғыры шамамен 250-ге жуық. “Қордай-автожолы” бекетінің алдында 25 транспорт және жүк көліктері тұр, сондай-ақ, Қырғызстан аумағынан шлагбаумға дейін 200 жүк және жеңіл көліктері тұр. “Ақ-Тілек” өткізу бекетінде адамдар шоғыры жоқ, алайда 150-ден астам жүк көліктері байқалған. Қазақстандық шекарашылар транспорттарды 30 минут уақытқа жуық тексереді. Ал қалған “Чалдыбар”, “Тоқмақ” және “Чоң-Капка” бекеттерінде азаматтар жоқ. Кезекте 15-50 көлік аралығында тұр”, – дейді агенттік. Бекетке жақын жерлерде Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі жылыну, тамақтану үшін палаткалар орнатқан.

Серіктес жаңалықтары