Бүгін Елбасы Сочиде өтетін екі саммитке қатысады

Бүгін Елбасы Сочиде өтетін екі саммитке қатысады

Бүгін Елбасы Сочиде өтетін екі саммитке қатысады
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өтетін екі саммитке қатысады. Алғашқысы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кеңесі. Күн тәртібінде 19 құжат қаралады. Онда жемқорлық, лаңкестік, ұйымдасқан қылмыспен күрес сынды өзекті мәселелер бар. Биыл гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән беріліп отыр.Көшбасшылар отбасы институты мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау көрсетпек. Осы орайда арнайы мәлімдеме де қабылданады. Президенттер экономикалық даму перспективаларына терең үңіледі деген болжам бар. Бұл тақырып әсіресе тоқырау кезеңінде өзекті. Интеграция мәселелері кешке қарай Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында кең ауқымда қаралмақ. Таяу болашақта бұл бірлестіктің керегесі кеңейе түсуі мүмкін. Мәселен, Молдова ұйымға байқаушы мәртебесіне ие болған еді. Енді толыққанды мүшелікке өтуге ниетті. Біраз елдермен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімдер жүргізу жалғасып жатыр.