Үкімет басшысы әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді тапсырды
ашық дереккөзі
235
Ан-28 ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырауына байланысты Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы кезінде бірқатар тапсырма берді. "Жақында қайғылы оқиға болды, экипаж өкілдері мен дәрігерлер қаза болды. Бұл қайғылы оқиға санитарлық авиация саласында үлкен қиындықтар барын көрсетіп отыр. Ескі ұшақтар ұшырылып, ұшу қауіпсіздігі сақталмай отыр, ал аймақтарда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдауға жағдай жоқ. Осының салдарынан жоғары білікті мамандар мен ауыр халдегі науқастардың өмірі қауіпте қалып отыр", - дейді Сағынтаев. Үкімет басшысы Денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму, Ішкі істер министрліктеріне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға ұшақ апатына қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, әуетасымалдаушыларға талаптарды күшейтіп және осы сияқты жоспардан тыс ұшуларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды. Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары