Сағынтаев бензин нарығын реттей алмаған вице-министрді қызметінен босатты

Сағынтаев бензин нарығын реттей алмаған вице-министрді қызметінен босатты

Сағынтаев бензин нарығын реттей алмаған вице-министрді қызметінен босатты
ашық дереккөзі
239
Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов  қызметінен босатылды.  Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты. «Вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Серіктес жаңалықтары