258
Бозымбаев: Тағдырым Президенттің қолында
Бозымбаев: Тағдырым Президенттің қолында
Халықтан бензин нарығында орын алған проблемалар үшін кешірім сұрауымыз қажет. Мұндай пікірді бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен осы Үкіметтің министрімін. Тағдырым Президенттің қолында тұр. Мемлекет басшысы қалай айтса, мен солай істеймін. Бұл жерде қолды түсірудің қажеті қанша. Жағдай орын алып отыр, оны тез арада ретке келтіруіміз, халықтың алдында елімізде осындай проблема туындағаны үшін кешірім сұрауымыз қажет. Бірақ, оның да объективті себептері болды», - деді Қанат Бозымбаев БАҚ өкілдерінің бензин төңірегінде орын алып отырған жайтқа байланысты отставкаға кетуіңіз мүмкін бе деген сауалына орай.
Сонымен қатар ол ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың сөгіс беру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынысхат жолдайтындығына қатысты пікірін де білдірді. «Премьер-Министр менің тікелей басшым. Сондықтан оны талқылайтын ешқандай мүмкіндігім жоқ», - деді Бозымбаев.