Досаев жаңа қызметке келді

Досаев жаңа қызметке келді

Досаев жаңа қызметке келді
ашық дереккөзі
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады. Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады. Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған. Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.