9 Қазан 2017, 10:08 1292 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Балқашта нан қымбаттады

Қарағанды облысының Балқаш қаласында нан екі теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы «Балхаш нан» ірі кәсіпорны  56 теңгемен сатылған нанды 58 теңгемен саудалап жатыр.

«Бүгінде қаладағы нан бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр. Нанның ұсынылған бағасы 62 теңге, одан жоғары емес. Өйткені өнімді тасымалдау шығындарын саудагерлер көтермейді. Нан сауда нүктелеріне «Балхаш нан» кәсіпорнының қаражаты есебінде жеткізіледі»,-  деді Балқаш әкімдігі.

 

Соңғы жаңалықтар