435
Балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Беларусь Республикасының астанасы Минскте аяқталған қазақ күресінен әлем чемпионатында қостанайлық Ерлан Омаров топ жарып, алтын медаль тақты.
«Ел намысын арқалап келген соң әуелгі міндет абыроймен күресу болды. Қалауын тапсаң, кез келген қиындықтан өтуге болады. Әйтпесе, бірде республикалық турнирде жеңіп келе жатып, белдесудің аяқталуына 20 секунд қана уақыт қалғанда, ұтылып қалғаным бар... Үлкен залда қаншама мың адам саған көз тігіп отырады. Айғай-қиқу, музыка, жарықтың бәрі саған әсер етеді. Сол кезде ең алдымен психологиялық ішкі түйсік дайындығы аса қажет. Егер өз-өзіңді сол жерде қайрай білсең, сөз жоқ, жеңіске жеттің!" дейді балуан.
Ерлер арасында 7-ші рет, әйелдер арасында тұңғыш рет өткізілді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Біріккен күрес одағы ұйымдастырды. Барлығы отызға жуық елден балуандар қатысты. Бұл қазақтың төл спорт өнерінің дамығанын көрсетеді. Биылғы əлем чемпионаты даңқты спортшы, Беларусь қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Александр Медведтің құрметіне орай ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тұңғыш рет нәзікжандылар арасында әлем чемпиондары анықталды.